jasqazaq.kz

500 000 $ үшін туысын өлтірмек болды (Видео)

29 наурыз 2023, 9:30

Астана тұрғыны 500 мың долларды қайтармау үшін туысын өлтіруді ұйымдастырған. Polisia.kz хабарлағандай, Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы үшінші тұлғаның мүддесі негізінде 57 жастағы әйелдің өлімін ұйымдастырған елорданың бұрын сотты болған тұрғынына қатысты жедел іс-шаралар жүргізді.

Ұйымдастырушы өзінің танысы арқылы “орындаушымен” мәміле жасасып, оған шартты 10 миллион теңгенің бір миллион теңгесін алдын ала төлем ретінде берген, сондай-ақ болжамды жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған.

Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстың ұйымдастырушысы мен негізгі бастамашысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмыстың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені анықталды. Жәбірленуші оған ағымдағы жылдың ақпан айында 500 мың АҚШ долларын сақтауға берген, бұл қылмыс жасауға себеп болған. Өзге деректер тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

@jasqazaq.kz500 000 $ үшін туысын өлтірмек болдыАстана тұрғыны 500 мың долларды қайтармау үшін туысын өлтіруді ұйымдастырған.

♬ оригинальный звук — JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде