jasqazaq.kz

42 жастағы алматылық екпеден соң қайтыс болды деген күдік бар

06 мамыр 2021, 11:17

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді.

Ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын.

«Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазиннің өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл айтады. 1979 жылы туған Б. Нұртазин есімді азамат биыл 12 сәуір күні емханаға коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Екпе хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б. Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған»,- деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қайтыс болған 42 жастағы алматылық 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған.

«Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттанарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған»,- деп атап өтті басқармадағылар.

Алдын ала болжамдарға сәйкес, ол жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қазір нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі