jasqazaq.kz

4 жасар бала үш күнін шұңқырда өткізген

19 сәуiр 2017, 12:43

Артур өз бетінше шұңқырдан шығуға тырысқан, алайда, нәтижесіз болды. 4 жаср бала үш күн бойы тереңдігі 2 метр болатын шұқырда болған. Бұл туралы qamshy.kz сайты хабарлады.

Үйінен шығып кеткен бала адасып қалады. Артурдың анасы мас күйде болғандықтан полицей қызметкерлерінің сұрақтарына мардымды жауап бере қоймаған. «16 сәуірде бала үйінен шығып, адасып кеткен. Баланың жоғалғаны жайында ақпарат 18 сәуірде сағат 21.00-де келді, ақпарат берген баланың 42 жастағы анасының бірге тұратын құрбысы. Анасы ештеңені түсіндіруге шамасы келмеді, себебі, ішіп алған. Баланы іздеу үшін 300 полицей мен әскери қызметкерлер жіберілді. 19 сәуірде, сағат 8.30-да Артурды әскери-техникалық мектеп маңындағы шұңқыр ішінен табылған. Қуанышқа орай, бала тірі. Оны тапқанымызда, Артурдың қарны аш болды, әрі қатты шөлдеп қалған», деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова. Балаға сол сәтте-ақ медициналық көмек көрсетілді. Ауыр жарақат алмаған. Денсаулығын тексерту үшін облыстық балалар ауруханасына жеткізлді. 18 сәуірде Артур 4-ке толды. Полицейлердің хабарлауынша, анасына қатысты «Ата-ананың бала тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауы» және «Кәмелет жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуде міндеттердің орындалмауы» баптары бойынша іс қозғалды. Аналық құқықтан айыру жөнінде ақпарат арнайы комиссияға жөнелтіледі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық