jasqazaq.kz

4 мыңға жуық тұрғын қаржы пирамидасына алданды

26 қазан 2016, 18:00

optovka

Қарағанды Октябрь ауданының прокуроры Азамат Тілешев баспасөз конференциясында Optovka қаржы пирамидасы туралы істің мән-жайын айтты.

«5 қазанда қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жүріп жатыр. Оған негіз ІІД ҰҚКБ баянаты болды, — деді ол. — 4000-ға жуық шарт анықталды. Оның бәрін тексеру қыруар жұмыс. Айналымның қалай, шығынның қанша  болғанын қазір айта алмаймыз. Қазір салынған қаражат тағдыры нақтылануда».

«Прокурордың айтуынша, төрт есепшот тексерілді, — деп атап өтті ол. — жұмыс әлі жүргізілуде. Шетелдік есепшот  болған-болмағаны тексерілуде. Ақшаны республикадан тыс жерге шығару мүмкіндігі тексерілуде».

Тергеу тобы Қарағандыда Optovka фирмасының екі кеңсесінен, Астанада бір кеңседен құжаттар мен ақша тәркіледі. «Теміртауға үлгермедік, біз келгенде кеңседе түк болмды», — деп қосты Тілешев. Майқұдық кеңсесінде 1 млрд теңгеге 2000 шарт ресімделгені белгілі болды. Тергеу әзірге пирамиданың ақшасы қайда құйылғанын анықтап болған жоқ.

«Сұрақ-жауап кезінде «ФинансОптоГрупп» директоры Елена Колесникова ақша бір бизнеске аударылғанын айтты: жөндеу, такси, белгілі бір жобалар. ЭКСПО жайында айтты. Мұның барлығы тексерілді. Қазіргі сәтте олардың осы қай қызмет түрімен айналысқанын растайтын құжаттар жоқ, бәрі тек сөз күйінде», — деп түсіндірді прокурор. Ол кәсіпкердің тек  Лексус маркалы көлігі ғана тұтқындалғанын айтты. Меншігі анықталмады. Күдікті ұзақ уақыт жалдамалы пәтерде тұрған. Бұдан басқа, фирма басшысының адвокатына ақшаны салымшылар жинап жатқаны белгілі болды.

ҚазАқпарат  

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты