jasqazaq.kz

4 000 теңге үшін 7 жылға сотталуы мүмкін (Видео)

03 наурыз 2023, 12:28

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында ер адам дүкенге шабуыл жасап, сатушы әйелге пышақ жарақатын салды. Мас адам дүкенге кіріп сатушыдан кассадағы ақшаны беруін талап етіп, суық қарумен қорқытқан. Өміріне қауіп төнсе де, батыл сатушы қаймықпай қарсыласып, ақша бермеген. Қорқытқан қарақшы сатушының қолын пышақпен осып жібереді де, бірнеше тауарды қолтығына қысып қаша жөнеледі.
Ақсай қаласының 42 жастағы тұрғыны ізін суытпай ұсталды. Енді ол дүкенді тонап, кәсіпкерге келтірген шығыны (ұрлаған тауарының сомасы 4099 теңге) үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Аталған дерек тіркеліп, ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

@jasqazaq.kz4 000 теңге үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

♬ оригинальный звук JQ-Aqparat

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық