jasqazaq.kz

360 мың теңгенің тонын ұрлап, ұзаққа бармады

16 ақпан 2017, 17:37

Ақмола полиция қызметкерлері түнгі көңіл көтеретін мекемеден қымбат бағалы тонның ұрлану фактісін ашты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.

2017 жылдың 13 ақпанында Көкшетау қ. ІІБ кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын көңіл көтеретін мекеме киім жайынан бағасы 360 000 теңгені құрайтын құндыз тон жоғалды делінген арыз қалдырады.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері мекемеде орнатылған бейне бақылау камера жазбасын  зерттеп, СҚО, Айыртау ауданы, Имантау ауылының 24 жастағы тұрғынын анықтап, тұтқындады.

Қаскөйдің айтуы  бойынша, киім жайдан бөтен біреудің тонын алған ол, жасырынған. Тергеу барысында қыз бала киімді ұрлағысы келмегенін, тек бұқара адамдар арасында және киім жай қызметкерінің алаңғасарлығын пайдаланып қалғанын айтып ақталды. Тонды ол өзіне қалдыруды жоспарлаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұрланған тонды заңды иесіне қайтарды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188 б. 1 б. бойынша қылмыстық іс қозғалды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық