jasqazaq.kz

32 жылда 1 миллионнан астам қандас атажұртқа оралды

13 наурыз 2023, 13:53

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан 1 наурызға дейін 3 134 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Олар мына елдерден келді:

Өзбекстаннан — 50%
Қытайдан — 16,3%
Ресейден — 15,9%
Түрікменстаннан — 8,4%
Моңғолиядан — 4,5%
Басқа елдерден — 4,9%

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанған.

Ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1% — жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% — жалпы орта білімді және 3,8%-ның білімі жоқ.
Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде