
Испанияның Аликанте қаласының әуежайында азаматтық гвардия құрамында синтетикалық каннабиноид бар есірткі затын тәркіледі. Бұл туралы АВС газетіне сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.
Гвардия өкілінің мәліметінше, есірткі кофе пакетінің ішіне салынған. Есірткінің бұл жаңа түрі Гонконгтан жеткізілген. Жалпы тәркіленген есірткі затының мөлшері — 12 келі. Оның қара базардағы құны 305 миллион еуроға бағаланған. Басылым мәліметінше, жаңа есірткінің бір грамы марихуанадан 80 есе күштірек эффект береді екен. Арнайы операция барысында екі ұлыбританиялық азамат ұсталып, қамауға алынған.