jasqazaq.kz

3 298 мектеп пен 4 214 балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ

20 ақпан 2023, 13:48

Қазақстанда 3 298 мектеп пен 4 214 балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ.

ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары Серік Құспановтың айтуынша, тиісті лицензиясы бар күзет ұйымдары 3 404 мектеп пен 1 371 балабақшаны күзетеді. Оның ішінде дабыл жүйесі арқылы жедел әрекет ететін мобильді топтар арқылы 2 050-ге жуық мектеп пен 790 балабақша күзетіледі. Қалған объектілер физикалық күзетпен қамтылған. Ел ішінде бас-аяғы 6 702 мектеп пен 5 585 балабақша бар.

С.Құспанов 3 298 мектеп пен 4 214 балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ екенін атап өтті.

«Оқу орындарында лицензияланған күзеттің болмау себебі мәселесі бойынша күзет қызметтерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатты негізге алу қажет. Өйткені жеке күзет ұйымдары оларды ақылы негізде көрсетеді», — деді ол.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті