jasqazaq.kz

2026 жыл еліміз үшін берекелі болады (Видео)

03 қантар, 11:29

Жаңа жылы елдің рухани әрі экономикалық деңгейде жаңғыруына жол ашылып, халықаралық аренадағы беделі айтарлықтай артады. Бұл туралы нумеролог Айгүл Түзелбай айтып берді.
Айгүл Түзелбайдың айтуынша, 2026 жыл Қазақстан үшін ерекше энергетикалық мәнге ие кезең болмақ.
«2026 жыл Қазақстан үшін өте берекелі, қуатты жыл болмақ. Елдің рухы көтеріліп, әлем алдындағы беделі арта түседі. Экономикалық өсім байқалып, ауыл шаруашылығы саласы дамиды. Көптеген жаңа өндіріс ошақтары ашылады. Елде жасанды интеллект дамып, балама энергия көздері көбейеді. Мұнай мен газдың орнына күн, жел және су энергиясы секілді балама қуат көздері жақсы дами бастайды. Ауыл шаруашылығы да осы өзгерістермен қатар қарқын алады. Жалпы алғанда, Қазақстан 2026 жылы басқа елдермен салыстырғанда тұрақты әрі жақсы дамитын мемлекеттердің қатарында болады», – деді нумеролог.
Дегенмен Айгүл Түзелбай 2026 жылдың алғашқы кезеңі оңай болмайтынын да ескертті. Оның айтуынша, жылдың басындағы алғашқы төрт айда, тіпті жазға дейін, нарықта қиындықтар болуы мүмкін.
«Материалдық және қаржылық тапшылық белгілі бір деңгейде қысым тудырады. Бұрын жеңіл жолмен табылған табыс көздері жұмыс істемей қалады. Осы себепті адамдар сасқалақтап, көңіл күйі төмендеуі ықтимал. Дегенмен көңілді түсірмей, сабыр сақтау маңызды. Алғашқы кезеңде өз-өзіне сену қажет. Сонда алдағы уақытта жағдай біртіндеп жақсарады. 2026 жылдың қорытындысында сана негізіндегі энергия — бірінші санның энергиясы. Бұл 9 жылдық циклдің алғашқы кезеңі. Адам өмірі 9 жылдық циклдерден тұрады. Алдыңғы цикл аяқталып, енді жаңа цикл басталып отыр», – деді нумеролог.

Бүгін, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін