jasqazaq.kz

2023 жылы төленетін жәрдемақының мөлшері белгілі болды

24 қантар 2023, 16:10

2022 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің жалпы сомасы 346,8 млрд теңгені орта есеппен 501,2 мың отбасы алды.

Оның ішінде желтоқсан айында 530,8 мың отбасына 31,2 млрд теңге жәрдемақы төленді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:

— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (2022 жылы – 50 976 теңге, 2023 жылы – 55 304 теңге);

— 5 балаға – 20,04 АЕК (2022 жылы – 63 728 теңге, 2023 жылы – 69 138 теңге);

— 6 балаға – 24,05 АЕК (2022 жылы – 76 479 теңге, 2023 жылы – 82 973 теңге);

— 7 балаға – 28,06 АЕК (2022 жылы – 89 231 теңге, 2023 жылы – 96 807 теңге);

— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК мөлшерінде (2022 жылы – 12 720 теңгеден, 2023 жылы – 13 800 теңгеден).

«Көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілгенін еске сала кетейік» делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқан.

JQ-Aqparat

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики