jasqazaq.kz

2 тонна есірткі прекусоры жойылды

06 ақпан 2023, 13:52

Алматы қаласындағы жер үйлердің бірінің гаражына орналастырылған есірткі прекусорының қоймасы анықталды деп хабарлайды JQ-Aqparat ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбектің мәліметіне сілтеме жасап.

Алматылық полицейлер есірткі зенртханасына жөнелту үшін әзірлеп қойған 700 литр химикат құйылған 22 ыдысты тәркілеген.

«Ұйымдастырылған өндіріс орны екі апта уақытта 100 келіге дейін есірткі өндіруге мүмкіндік берген. Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Аталған факті бойынша полицейлер жұмыс істеп тұрған екі зертхананы және өндіріске толық дайын бір зертхананы және 2 тоннаға жуық прекурсоры бар қойманы жойды. 84 келі синтетика және екі тоннаға жуық прекурсор тәркіленді», — деді Ш.Тұрлыбек.

Күдіктілерге кесілер жаза да ауыр болмақ. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топты құрып оған басшылық жасағаны, топ болып аса ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізгені үшін де қылмыстық іс қозғалып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әрі күдіктілердің мүлкі де тәркіленеді.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті