jasqazaq.kz

196 мал ұрысы құрықталды

13 желтоқсан 2023, 12:28


“Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 196 мал ұрысы құрықталды. Polisia.kz хабарлағандай, елімізде қысқы мерзімде соғым ет дайындау дәстүрі қалыптасқан. Бірақ дәл осы уақытта мал ұрлығы да жиілейтінін атап өткен жөн. Осыған байланысты жыл сайын Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу және оған қарсы күресті арттыру бойынша шаралар қабылдайды. Желтоқсан және қараша айларында барлық өңірде “Мал ұрлығы” екі кезеңдік республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды. Операцияны жүргізуге тек полицейлер ғана емес, ветеринариялық бақылау мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылдырылды. Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде 196 мал ұрысы және 34 қылмыстық топ ұсталды. Мәселен, Ақмола облысында екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар қараша айынан бастап қоралар мен сарайлардан 20 бас ұсақ малды ұрлап әкеткен. Қаскөйлер негізі елордада тұрған, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, сол себепті де құқық қорғау органдарының назарына ілікпеген. Осылайша күдіктілер Ақмола облысының аумағында орналасқан далалы аймаққа үш рет келіп, малды ұрлаған соң, оны сойып, етін Астана қаласының базарларында сатып жіберген. Полицейлер күдікті көлікті байқағаннан кейін ғана ұрылар Талапкер ауылында төртінші ұрлықты жасау барысында құрықталды. Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде биыл мал ұрлығы 13%-ға төмендеп отыр. Сонымен қатар ұрланған жануарлардың жартысынан көбі заңды иелеріне қайтарылды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты