jasqazaq.kz

156 млн теңгеге зергерлік бұйымдарды ұрлады деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандық Стамбулда ұсталды

28 қараша 2025, 9:39

156 млн теңгеге зергерлік бұйымдарды ұрлады деген күдікпен іздеуде жүрген қазақстандық Стамбулда ұсталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Стамбулда ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы әйел ұсталды.

2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істей жүріп, ол жалпы құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды ұрлап кеткен.

27 қарашада түрік құқық қорғау органдарының көмегімен күдікті Қазақстанға депортацияланып, қамауға алынды.

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді