jasqazaq.kz

156 мектеп құлайын деп тұр

27 қыркүйек 2016, 15:41

35-018-350x233

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев апатты мектептерге қатысты баяндама жасап, бүгінгі урбанизацияға, яғни xалықтың қалаға көшуіне байланысты жаңа мектептерді көптеп салу қажеттігін жеткізді.

Сағадиев мырза баяндамасын бастан-аяқ қазақ тілінде оқыды.

Министрдің айтуынша, бүгінде республика бойынша 156 апатты мектеп бар. Аталған мәселені 2018 жылдың соңына дейін толығымен шешу көзделген.

«Ондай мектептердің басым бөлігі Алматы мен Оңтүстік Қазақтан облыстарында орналасқан. Енді, былтыр 6 мектеп салынса, биыл 51 мектеп бой көтерді. Келесі жылы 99 мектеп ашылады. Жыл сайын оқушылардың саны да артып отыр. Сондай-ақ урбанизация мәселесі де бар. Сондықтан қалаларда мектептерді көптеп салу керек де есептейміз»,- деді Е.Сағадиев.

Бүгінде білім және ғылым министрлігі мектептердің тапшылығына қатысты арнайы карта әзірлеп қойған. Оған сәйкес, 2018 жылдан бастап жыл сайын кемінде 50 мектеп салу қажет болады.

«Биыл қосымша 14 мектептің құрылысына бюджеттен қаржы бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Сонымен, биыл 68 нысанды бітіріп, 14 мектептің құрылысын бастау қажет. Бүгінде үш облыста 8 нысан салу мерзімі кешіктіріліп  жатыр. Атырау қаласындағы «Нұрсая», Бірлік ауылындағы балабақша, Мақат аудандық Досор орта мектебі. Шығыс Қазақстан облысы бойынша үш нысан: Риддер қаласындағы Мичурин балабақшасы, Тарбағатай ауданы Жетіарал мектебі және Тарбағатай ауданы Ақжар мектебі. Астана қаласы бойынша екі нысан. Олар — 17 мектеп-гимназиясы мен 22 мектептің қосымша құрылысы. Осыған байланысты, аталған нысандарды уақытында аяқтап, пайдалануға беру туралы тапсырманы беруді сұраймын»,-деді білім және ғылым министрі.

bnews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық