jasqazaq.kz

15, 3 миллион шаршы метр тұрғын үй беріледі

07 ақпан 2023, 11:54


Осы жылы елімізде 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарда бар. Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай мәлімдеді үкімет отырысында.

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың әлеуметтік және экономикалық маңызы зор. Республика бойынша 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру қажет. Өткен жылы 130 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесін шешілді. Осылайша тұрғын үйді пайдалануға беру былтырғы жоспары орындалды. Дегенмен 2021 жылмен салыстырғанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны біршама төмендеді. Биыл 15,3 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бас қалада инфрақұрылым мен энергоресурстардың жетіспеуінен алдағы жылдары тұрғын үй салу көлемі біршама азайып отыр. Мемлекет басшысы үй құрылысын жоспарлағанда инженерлік инфрақұрылымды кешенді түрде дамыту қажеттігін баса айтты», – деді үкімет басшысы.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті