jasqazaq.kz

Нұртас Адамбай: Тимур идеясын неге Ресейде ұсынбайды

14 қыркүйек 2016, 23:41

«Қазақфильм» бюджетімен әлемдік нарыққа арналған кино түсіруге болады. Белгілі режиссер Нұртас Адамбаев өзінің фейсбуктағы парақшасында осындай пікір қалдырды.

«Қазақфильм» бюджетімен әлемдік нарыққа арналған кино түсіруге және одан мол қаржы жасауға болады. Бұған қоса,  Қазақстан жақсы фильмдер түсіретін ел ретінде  танымал бола алады. Бұдан басқа «мега-жобаларға» қарағанда әлдеқайда көп пайда болар еді», — деп жазды Н.Адамбаев.

Айта кетерлігі, бұған дейін де ол Т.Бекмамбетовтің отандық фильмдердің билет бағасын арзандату және арнайы абонемент енгізу ұсыныстарына қатысты пікір білдірген еді.

«Әрине, мен Тимурды құрметтеймін. Дегенмен, бұл мәселеде мен онымен келіспеймін. Қазақстандықтар отандық киноларды рахаттанып көреді. Біз баяғыда да батыс пен ресейлік фильмдерге тойғанбыз. Біздің студияның алғашқы үш фильмінің кассалық түсімі мұны дәлелдеді. Қазақстандық фильмдердің билет бағасын төмендеткенше отандық кино зор сұранысқа ие болуы үшін шынайы бірдеңелер жасауға ұмтылу қажет шығар. Мүмкін бюджет қаржысын ақылмен жұмсап, шынайы қызықты фильмдер түсірерміз?  Мүмкін онсыз да қиын жағдайда отырған жеке студияларға  қолдау көрсеткен дұрыс шығар? Жергілікті филмдердің билеті қанша тұру қажеттігін талқылау үшін Тимурдың өзі қанша қазақстандық фильм түсіріпті? Мұндай идеяны неліктен ол Ресейде ұсынбайды? Ресейлік киноны да америкалықпен салыстыруға келмейді», — деп жазды ол.

Сонымен қатар ол Н.Адамбаев қазақстандық кино билетінің бағасын төмендету арқылы ең алдымен өзімізді төмендетеміз деген ойын да білдірген.

«Осы арқылы біз барлығына да артта қалғандығымызды білдіреміз. Өйткені біздің кино арзан. Бекмамбетов кино режиссері ретінде фильмді түсіруге қанша ақша жұмсалғаны емес, оның көрерменге қаншалықты қызықты екендігі маңызды екендігін түсінуі тиіс.  Адамдар 100-200 теңге үнемдеп, біле тұра нашар киноға барады деп ойламаймын. Кино  бұл өте әділ. Жақсы фильм болса адамдар барады, онша болмаса бармайды. Ал абонементке қатысты идеясы қиын кезеңдегі азық-түлікке арналған талон жүйесін еске түсіреді», — деді режиссер.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық