jasqazaq.kz

115 жаста болса да кітап оқиды (видео)

03 наурыз 2017, 18:13

Еліміздегі ең қарт тұрғын Қостанайда тұрады. Ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешкен кейуананың денсаулығы бірқалыпты. Өздігінен жүріп-тұра алады. Ас үйге өз аяғымен барып, өзі тамақтанады. Қимылы ширақ, ойы сергек. Әсіресе, әжейдің әлі күнге дейін кітап оқитыны қайран қалдырады. Санаулы жылдардан кейін қостанайлық Марфуға Селтеткенованың есімі Гиннес кітабына планетамыздың «Ең қарт тұрғыны» есебінде жазылуы мүмкін. Бұл туралы «Қазақстан-Қостанай» арнасы хабарлады.

Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген. Бүгін 115 жас мерейтойын қарсы алған Марфуға әжей шау тартпаған. Еңкейіп бүгілмеген, жүрегіне әжім түспеген. Еңбек етіп есейген ерекше жан «Ұзақ жасаудың құпиясы – жүректің тазалығы» -дейді. 112-ке толғанша 5 уақыт намазын қаза қылмаған. Ұлт-азаттық көтеріліс, нәубет пен соғыс жылдарының куәсі болған кейуананың тұңғыш қызы 97 жаста. Өскемен шаһарында тұрады. Келіні 93-те. 115-тегі ел анасының күтімі, алтыншы қызы Жібектің еншісінде.

Қазақстандағы ең қарт тұрғынның 1902 жылы, 3-наурызда туғанын растайтын төлқұжаттарын да өз көзімізбен көрдік. Көрдік те, ғажайыпқа еріксіз сендік. Оныншы мүшел жасқа аяқ басқан қарт ана шөбере-шөпшек тұрмақ, жетінші ұрпағы неменесінің алақанынан су ішкен. Бір әулеттің мәуелі бәйтерегі барша қазақ еліне өзінің ақ батасын берді.

Алла аузына салған шығар асыл әже 150 жасауға әл-дәрменім жетеді,-деп қалды. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең ұзақ жасаған әйел Осакалық Мисао Окава Жапон елінен шыққан. Ал, қостанайлық ғасыр-ана жапондық кемпірдің рекордын жаңартатындығына сенімді. Өйткені, Марфуға әжейдің анасы 123 жасында дүниеден озған. Біз де Марфуға әжейге шуақты да ұзақ ғұмыр тіледік!

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты