jasqazaq.kz

11,8 млрд теңге партияларға қалай бөлінеді?

02 ақпан 2023, 12:53

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламентке енген партияларға қарастырылған қаражатқа қатысты түсінік берді.

Бүгін Сенатта өткен баспасөз мәслихатында 11,8 млрд теңге партияларға қалай бөлінетіні туралы сұрақ қойылды.

«Жақын арада 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау бойынша Парламентке барамыз. Бұл тұрғыда Орталық сайлау комиссиясының деректері аясында осы бюджетті қайта қарап, партиялар арасында бөлеміз. Заң бойынша бұл қаражатты Парламентке фракция болып енген партиялар алады», — деді Е. Жамаубаев.

Осы орайда министр жинаған дауыс санына қарай тиісті әдістеме бар екенін және осы дауыстар бойынша қаржыландыру жүргізілетінін айтты.

«Мәселен, 2022 жылы шамамен 8,5 млрд теңге қарастырылған еді. Оның басым бөлігі Amanat партиясына, 1 млрд теңгеге жуығы Ақ жолға, сондай-ақ 800 млн теңге Қазақстан халық партиясына бөлінді», — деді Е. Жамаубаев.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде