
105 жастағы француз Робер Маршан велотректе тағы да рекорд орнатты, — деп хабарлайды Euronews. Ол өзінің жас категориясы бойынша сағаттық жарыста рекордсмен атанды.
tengrinews.kz хабарлағандай, Сен-Кентен-ан-Ивлин велодромында Маршан 22 сағатта 528 шақырым жүріп өткен. «Бүгінгі көрсеткіш соңғы емес деп ойлаймын. Менде мәре алдындағы спуртқа кұш бар», — дейді спортшы.
Сонымен қатар, Маршан 102 жасында бір сағат ішінде 27 шақырым жүріп, мұның алдында да рекорд орнатқан екен.