jasqazaq.kz

10 жыл тұрған көлігін 10 минутта заңдастырды

25 қантар 2023, 12:06

23 қаңтардан бастап елімізде алыс-жақын елдерден жеткізілген автокөліктерді заңдастыру жүзеге асырылып жатыр. Павлодар облысының тұрғыны Виктория Черкашина 10 жылдан бері заңдастырмаған көлігін 10 минуттың ішінде тіркеді. АҚШ-тан алып келген МINI Cooper 2012 жылы елге жеткізеді.

Ол уақытта автокөлік құнының 30 пайыздық баж салығын төлейді. В. Черкашина автокөлігін бірден тіркемеген, шетелге шығамын деген мақсаты болғасын соң осылай шешкен. Әрі бірнеше жыл Қазақстанда болмаған. Одан бері де шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру, тіркеу амалдарына бірнеше мәрте өзгерістер енгізілді. Бастапқы тіркеуге қою үшін 500 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі алым төлеу керек екенін білген Виктория Черкашина асықпапты. Әліптің артын бағуды ойлап көлігін сарайына кіргізіп қойған.

Президент былтырғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік көліктерді заңдастырып тіркеуге алу жөніндегі тапсырмасына естігенде қатты қуаныпты. «23 қаңтар күні электронды үкімет порталы арқылы онлайын өтінім жолдадым. 3-4 минут ішінде жауап келді. Криминалистер корпустың және басқа да агрегаттардың нөмірлерін құжаттарымен салыстырып тексерді. Өтінім мақұлданып, құжаттарды тапсырдым. 10 минуттан кейін қазақстандық көліктің құжаты дайын болды» дейді павлодарлық тұрғын.

Шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру науқаны осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

JQ-Aqparat

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики