jasqazaq.kz

1 млн-нан астам француз ереуілге шықты

20 қантар 2023, 10:23

Францияда зейнетақы реформасына қарсы манифестация қатысушыларының саны 1 млн адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сілтеме жасап.

Франция қарсылық шаралары зейнет реформасына, оның ішінде зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеруге бағытталды. Француз кәсіподақтары бірнеше жыл бұрын зейнет жасы 60-тан 62-ге көтерілген кездегідей бірлесіп қарсылық көрсетіп жатыр.

Ел президенті Эммануэль Макрон үкіметі зейнеткерлікке шығу жасын 62-ден 64-ке ұзартып, зейнетақыны толық алу үшін төленетін тоқсандық салықтарды көбейтіп жатыр.

«Бізге күш берген кәсіподақ бірлігі екенін мойындауымыз керек. (…) Арамызда бұл мәселеге қатысты келіспеушілік жоқ. Мұндай оқиға кейінгі 15-20 жылда алғаш рет болып тұр», — деді «Бағынбайтын Франция» партиясының көшбасшысы Жан-Люк Меланшон.

Ереуіл салдарынан Париждегі қоғамдық көліктер мен барлық өңірдегі пойыздардың қозғалысына кері әсер етті. EDF мемлекеттік электр энергиясын жеткізушінің ереуілге шыққан жұмысшылары электр энергиясын өндіруді азайтқанын мәлімдеді. Franceinfo және France Inter қоғамдық радиожелілері жаңалық таратудың орнына эфирді музыкамен толтырып тастаған, ал France 2 телеарнасы қайталау көрсетіп жатыр.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді