Арандатушы алаяқ қолға түсті

02 желтоқсан 2016, 13:12

photo_32033

Алматыда сыбайласына көлік астына түсіп қалғандай болып көріну үшін өтіп бара жатқан көліктердің алдын жауып тұрған жол үстіндегі алаяқтық оқиғасына қатысушылардың бірі ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Еске салайық оқиғаның видеосы 2016 жылдың 25 қарашасында Желіде пайда болған.

Оның айтуынша, полиция ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. «Delica көлігінің жүргізушісі ұсталды, Өзбекстан азаматы. Ол алаяқтық жолмен ақша тауып жүргенін мойындады. Жаяу жүргіншінің де тұлғасы анықталды. Жақында ол ұсталады. Delica көлігінің бұл істегі рөлі: жаяу жүргінші жолына тұрақтап тұрып, көріністі жауып тұрады — бұның өзі ереже бұзу, жаяу жүргінші жолынан 15 метр қашықтықта тоқтау керек. Сценарий бойынша оның сыбайласы осы көліктің арғы жағынан жүгіріп шығып, соққы алғандай болады да, жерге құлайды. Эпизодтардың бірінде олар көлік жүргізушісінен келген шығын үшін 1 000 доллар талап еткен және осынша қаржыны алған», — дейді Әзірбек.
Салтанат Әзірбектің мәліметінше, күдіктілерге қатысты тек Бостандық ауданында ғана төрт арыз жолданған. «Осындай әрекеттен зардап шеккен барлық азаматтарды Бостандық ауданының ішкі істер бөліміне 2544700, 2544701 телефондары арқылы хабарласуға шақырамыз», — деді ол. Алматы ІІД оқиғаны БАҚ-та жарияланған видео бойынша тергеуге алды. Жүргізушіден немесе ролик авторынан арыз келіп түскен жоқ.

Бүгін, 12:17
Өткен жылы Алматы кітапханаларына 3 миллионнан астам оқырман келген
Бүгін, 12:04
Түркістан: Учаскелік полицейдің қоғамдағы жауапкершілігі жоғары
16 мамыр, 15:19
Түркістан: Полиция мектеп оқушыларына қауіпсіздік шараларын түсіндірді
15 мамыр, 16:48
Түркістан: Алимент, авторлық құқық және сот сараптамасы
15 мамыр, 15:56
Түркістан: Өткен жылы 7 184 адамға тегін заң көмегі көрсетілген
15 мамыр, 15:36
Түркістан: Сарыағаш полициясы профилактикалық жұмысты күшейтті
15 мамыр, 14:16
Түркістан: Полиция жастарды қауіп-қатерден сақтандырады
14 мамыр, 15:10
Түркістан: Полиция браконьерлерге қарсы аяусыз күрес жүргізеді
14 мамыр, 13:56
Дамира Нұрғожаева: «Сервистік әкімдік» халықтың атқарушы мемлекеттік органдарға сенімін арттырады