jasqazaq.kz

Зорлық-зомбылық құрбандары көбіне арыз жазбайды

26 қыркүйек 2023, 16:32

Елімізде зорлық-зомбылық құрбандары, жәбір көрушілер өміріне қауіп төнген кезде полицияға хабарласады. Ал полицей барған кезде арыз жазудан бас тартады. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәлім етті.

«Жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 100 мыңнан астам хабар келіп түседі. Жәбір көрушілер отбасылық-тұрмыстық жанжалдар туралы ашық мәлімдейді. Дегенмен жәбірленушілердің 60%-ы арыз жазудан бас тартады, сол себепті полиция қызметкерлері тиісті шара қолдана алмайды. Мемлекет басшысы өткен жылғы халыққа жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында биыл 1 шілдеде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған жаңа заң күшіне енді», — деді Игорь Лепеха Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында.

Оның айтуынша, жәбір көрушілер өміріне қауіп төнген кезде полициядан араша сұрайды, ал полиция қызметкері оқиға орнына барған кезде арыз жазудан бас тартады. Көбіне арыз жазбайды. Бұл бойынша өткен жылы 70 мыңнан астам факті тіркелген.

«Көбіне полиция кеткеннен кейін отбасындағы жанжал жалғасып, кейде оның арты ауыр зардапқа әкеледі. Заңға енгізілген түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік берді. Қазір өтініштердің 92%-ы бойынша «отбасылық бұзақылар» жауапкершілікке тартылады. Соңғы шешімді сот қабылдайды», — дейді ол.

Сондай-ақ, министрдің орынбасары заң қатаңдатылғаннан кейін отбасында күш көрсетушілерді жауапқа тарту көбейгенін айтты.

«Заңнама өзгергеннен кейін екі айдың ішінде жауапқа тартылған «үй тирандарының» саны 3 есе өсті. Егер мамыр және маусым айларында осындай 5,3 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, шілде, тамызда олардың саны 16 мыңнан асты. Тиісінше, қамауға алынған бұзақылар саны 2 есе өсті», -дейді И. Лепеха.

JQ-Aqparat

Бүгін, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Бүгін, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее