
Instagram әлеуметтік желісіндегі qazpress парақшасында қыз алып қашу оқиғасының видеосы пайда болды.
NUR.KZ хабарлағандай, видеодан бойжеткенді еркінен тыс басып алып келгені байқалады. Себебі қыздың жан ұшыра айқайлаған даусы көшеде өтіп жатқан адамдардың өзін бей-жай қалдырмаған.
Видеоны көрген желі қолданушылары бұны барып тұрған жабайылыққа теңеді. Тіпті, олар қыз алып қашқан жақты сөгіп, олардың қатаң жазаға тартылуын талап етуде.
Оқиғаның көлік нөміріне қарап, Алматы немесе Алматы облысының бірінде болғанын байқауға болады.
https://www.instagram.com/p/BRDFk3-FLr6/