jasqazaq.kz

Зілтемірші Майя Манеза бизнеске бет бұрды

14 наурыз 2017, 11:24

Майя Манеза денсаулық және сұлулық орталығын ашты. Зілтемірші бұл жөнінде Инстаграмдағы өзінің парақшасында жазды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, бизнеске бет бұрған Майяны құттықтап, кəсібіне сəттілік тілеп жатқандар көп. Барлығы отбасының мұндай қадамына шынайы ықыластарын, ризашылықтарын білдіруде. Спортшы қыз жаңа орталықта түрлі қызмет көрсетілетінін жазған. «Біздің орталық өз жұмысын бастайды. Қытай елінен тəжірибе жинақтаған дəрігерлер шақырылды. Іш құрылысы, тірек-қимыл аппараты, бедеулік сияқты сырқат түрлерін емдейміз», — деп жазды ауыр атлетші. Сондай-ақ ол өз өмірінің жаңа кезеңі басталғандығын жəне əр келушіні асыға күтетіндігін айтқан. Айта кету керек, Майя Манеза спорттық жаттығуларын жалғастыруда. Халықаралық Олимпиада комитеті Манезаның бұған дейінгі нəтижелерін жойғанымен, ол спортпен қоштасқан жоқ. 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасында бақ сынауы əбден мүмкін. 2013 жылы зілтемірші Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шыққан Манеза бүгінде бір ұл тəрбиелеп отыр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде