jasqazaq.kz

Жұртты 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды

04 желтоқсан 2023, 14:39

Шымкентте қазақстандықтарды 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 34 жастағы алаяқтықтың құрбаны болғандардың қатарында Тараз, Түркістан облысы және Шымкенттің 53 тұрғыны бар. Арам пиғылды азаматша оларды электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген. Қарызды төлемеуге болатынын жеткізген ол бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылады деп сендірген. Несиеге рәсімделген электрониканы аферист әйел құрбандарынан жарты сомасына сатып алып отырған. Алаяққа ұрынғанын сенгіш азаматтар ай сайынғы төлем туралы ескерту-хабарлама түскен кезде бір-ақ білген. Бұл жайт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Ұсталған азаматшаның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, тергеушілер қылмыстық істі сотқа жіберді. Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі