jasqazaq.kz

Жұртты 32 миллион теңгеге алдаған шымкенттік ұсталды

15 қантар 2024, 14:16

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 15 тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды. Polisia.kz хабарлағандай, өзін білікті заңгер ретінде таныстырған ер адам сенгіш азаматтарға бизнес жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант пен арнайы төлемдер алып отыруға көмектесетінін айтқан. Мұндай «қызметтің» құны 200 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін бағаланған. Уәде етілгенін қызметті алмаған жәбірленушілер алаяқтың айласына түсіп қалғандарын түсініп, полицияға арызданған. Оларға келтірген жалпы шығын сомасы 32 миллион теңгені құрады. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Тұран АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қаскүнемді ұстады. Қазір бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген ер адам қамауда отыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі