jasqazaq.kz

Жүргізушілер жазадан құтылу үшін жалған құжат ұсынған

17 қантар 2024, 16:52


Жетісу облысының прокурорлары мас күйіндегі көлік жүргізушілерін ұстау кезінде әкімшілік қамауға алынбау мақсатында медициналық және басқа да құжаттарды бұрмалау фактілерін анықтаған.
Екі жағдайда әйелдер сотқа жалған анықтамалар мен жүктілігі туралы ультрадыбыстық қорытындылар берген.
Мұндай жалған құжаттарды пайдалану Кодекстің 50-бабына сәйкес тұлғаларды қамауға алу қолданылмайтын мүмкіндік береді.
Бұл сияқты тағы да бір мысал — кәмелетке толмаған баласының бар екендігін көрсеткен жалған құжаттарды сотқа ұсынған аудан әкімдігінің бір бөлім басшысының әрекеті.
Аудандық сот осы анықтама негізінде оны қамауға алудан босатқан.
Прокуратураның тексеруі оның уәждерін жоққа шығарды. Ол берген деректерді тексергенде, оның кәмелетке толмаған баласы мүлде жоқ болып шыққан.
Барлық анықталған фактілер бойынша прокуратураның қадағалау актісі негізінде сот актілері қайта қаралып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Уәкілетті органдар ресми құжаттарды қолдан жасау фактілері бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады, деп атап өтті облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі