jasqazaq.kz

Жүргізуші куәлігі енді сынақ мерзімінен өткен соң берілуі мүмкін (Видео)

05 сәуiр 2023, 23:16

Елімізде жүргізуші куәлігі берілгенге дейін сынақ мерзімі енгізілуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі шетелдік тәжірибелерді зерттеп, жүргізуші куәлігін сынақ мерзімінен кейін беру тәжірибесін қарастырып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Финляндияда жүргізуші куәлігі екі жылдық сынақ мерзімінен және бірқатар емтиханнан өткеннен соң бір-ақ беріледі екен. Мақсат — жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімді азайтып, көлік жүргізу мәдениетін қалыптастыру. Еліміздегі соңғы мәлімет көңіл көншітпейді. Бір ғана Жезқазған қаласында жылдамдықты шектен асыру әлемдік орташа көрсеткіштен 2,6 есеге жоғары, ал белдік тақпай көлік тізгіндегендердің үлесі 8 жарым есеге артық. «Жол апатының алдын алуға бағытталған шаралар 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамаға негізделетін болады» делінген ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі