jasqazaq.kz

Жұмысында әріптесіне қырындағандар енді заңмен жазалануы мүмкін

25 сәуiр 2025, 10:59

Әрбір үшінші адам харассментке тап болған. Елімізде жұмыс орнында әріптесіне қырындағандар енді заңмен жазалануы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кодекске осындай өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, отандастарымыздың 30 пайызға жуығы жұмыста әріптесінен жыныстық сипатта қысым көрген. Алайда мұндай жағдайда қызметкерлерді Еңбек кодексі қорғай алмайды. Яғни қолданыстағы заңнамада оның құқықтық анықтамасы, белгілері мен шағымдану жолдары қарастырылмаған әрі бізде халықаралық еңбек ұйымының «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымды жою туралы» конвенциясы бекітілмепті. Заң жобасының авторлары осы олқылықты жоюды көздейді. Жұмыстағы харассмент үшін жазалауды көздейтін құжат мамырдың 15-іне дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Сурет: Depositphotos.com

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі