jasqazaq.kz

Жылуды қай қалада қашан қосады?

18 қыркүйек 2024, 14:11

Бүгін ОҚК алаңында өткен баспасөз конференциясында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановқа: «Ауа райына байланысты жылуды мерзімінен бұрын қосуға бола ма?» деген сауал қойылды. Вице-министрдің айтуынша, арнайы ережеге сәйкес, орташа тәуліктік температура +8 градустан төмен болуы тиіс.

«Жергілікті атқарушы органдар осы ережелерді ұстанады. Бірақ бұл ұсыныс қана. Әрбір жергілікті атқарушы орган жылыту кезеңін ертерек бастауға құқылы. Мысалы, Павлодарда әлеуметтік нысандарда бір апта бұрын жылу беріле бастады. Қазіргі кезде басқа қалаларда да шешімдер қабылдануда», — деді.
Осы +8 деген ереже туралы жылда айтылады, бірақ тәулік бойы осындай температура болуы керек пе, ол жағын ешкім түсіндірмейді.
Мәселен, қыркүйек басталғалы Алматы мен Астанада күн салқындап кетті. Оңтүстік астанада күндіз 20 градус жылы, түнде 8-10 градус. Бірақ әзірге шыдауға болады. Ал Астанада күндіз 15-17, түнде -2 градус. Демек +8 деген ережеге түнде ғана сәйкес келеді. Сонда қай температура есепке алынады?

Наргүл Мырзахмет

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі