jasqazaq.kz

Жылу орталығының қарызы 2 млрд теңгеден асады

03 ақпан 2017, 11:05

Шымкенттегі үшінші энергоорталықтың газ тасымалдаушы мекеме алдындағы қарызы 2 млрд теңгеден асып жығылған.

Соған қарамастан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бұл жолы да энергоорталыққа тағы бір мүмкіндік беріп отыр. Келісім бойынша кәсіпорын қаңтарда қордаланған қарыздың 600 млн теңгесінен құтылуы тиіс еді. Жылу беретін мекеме соның өзін толық қайтара алмаған. Кестеден кешігу жиілей берген соң көгілдір отын тасымалдайтын компания таяуда үшінші энергоорталыққа беріліп жатқан газға біршама шектеу қойды. Қазір қазандық қосымша мазут жағып отыр. Кәсіпорын қорында бір апталық қана сұйық отын қалған. Қалыптасқан жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізген жергілікті әкімдіктегілер «қордаланған қарызды біртіндеп төлеу жөнінде келісімге келдік» деп отыр.

— Кесте бекітілген, сол кестеге сәйкес ары қарай жұмысты жалғастыратын боламыз. Кестеден сәл қалу жағдайына ол кісілер де түсіністікпен қарап, келесі айдың есебімен жабатын боламыз деп шештік. Қазір «ҚазТранГаз Аймақ» ешқандай шектеу қоймайтын болды, дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Талғат Қасымбеков.

kaz.caravan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде