jasqazaq.kz

Жылу маусымына тиісті деңгейде дайындық жүргізбеген лауазымдылар жазаланады

21 маусым 2023, 12:31

Кәсіпкерлік кодекстің қолданыстағы шектеулері энергия нысандарын толыққанды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында жылумен жабдықтау саласындағы аудиторлық іс-шараның қорытындысын талқылау кезінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова айтты.

«Жылу беру маусымына дайындық кезінде энергия объектілеріне тікелей баруды ескеретін тексерулер жүргізу бөлігінде Кәсіпкерлік кодекстің қолданыстағы шектеулері энергия нысандарын толыққанды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бақылау мен қадағалауды жүргізудің жалпы тәртібінен жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды шығару қажет деп санаймыз (Кәсіпкерлік кодекстің 129-бабы)», — деді Н. Годунова.
Оның пайымынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте жылу беру маусымына дайындықты тиісті деңгейде жүргізбеу және дайындық барысындағы заңсыздықтар үшін лауазымды адамдардың (әкім орынбасарынан төмен емес) және энергетика нысандары бірінші басшыларының жауапкершілігін регламенттеу керек.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі