jasqazaq.kz

Жұлдыздар да алданады: Қайрат Нұртастың әйелі баспанасыз қалды

28 қыркүйек 2024, 12:10

Актриса  Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясының алдауына түсіп, пәтерсіз қалғанын айтты. Бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

Ол 2021 жылы қуанышпен «TUMARGrandVillage» құрылыс компаниясынан үй алғанын хабарлап, балаларының жер үйге  көшкісі келетін армандарын орындамқшы болған екен. Актриса ол үйді сатып алу үшін өз пәтерін сатқан.

Сол кездегі құрылыс компаниясының өкілі Диляра есімді әйел оның пәтерін інісінің атына жазып, бір жыл ішінде екі қабатты жер үй салып беремін деп уәде еткен. Алайда арада екі жыл өтсе да үйдің құрылысы әлі аяқталмаған.

Ол маған мынадай ұсыныс айтты. “Сен сатуға қойған пәтеріңді менің інім Диардың атына жазып бересің. Біз саған «TUMARGrandVillage» қалашығын 1 жылда екі қабатты жер үй салып береміз. Ал оған дейін сен пәтер жалдап тұрарсың”- деді. Мен келісе кеттім. Ойымдағы үйдің табылғанына қуанғаным да рас, — деді актриса.

Содан күтумен арада 2 жыл өтіпті.

Мен пәтерден-пәтерге көшіп шаршадым. Жалдап тұру балаларымның да ашуына тие бастады. 2024 жылдың көктемінде менің үйімнің жақын арада бітпейтінін түсініп, Диляраның алдына бардым. Бұдан артық күте алмайтынымды жеткізіп, өз үйімді қайтарып беруін сұрадым. Сол кезде ол менің пәтерімді банкке кепілдікке (залогқа) тіккенін естіртіп, ол үйде тағы бір інісі Әбілхан отбасымен тұрып жатқанын, қайтарып бермейтінін айтты.

Кейін үйі деп жүрген құрылысты, өзіне айтпай, «Аграрлы кредиттік корпорацияға» кепілдікке салып жібергенін білді.

Актрисаның айтуынша аудандық соттың шешімі әділ болмады.

Неліктен соттың қарсы тарапқа бүйрегі бұрғандығы туралы фактілер анықталды. Алдағы қалалық соттың әділ өтетіндігіне сенгім келетінін жеткізу, — деп аяқтады актриса.

JQ-Aqparat

Сурет: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі