jasqazaq.kz

«Жұлдызбен жан құрбы едік». Диляра Тәжімбетова ақталуға тырысты

13 желтоқсан 2024, 13:00

Сурет: Jasqazaq/видеодан кадр

Жұлдыз Әбдікәрімова «алдады» деп айыптаған Диляра Тәжімбетова баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жұлдызбен жан құрбы болғанын айтқан Диляра «арадағы алауыздық жақында басталды» дейді.

«Тұмар Гранд Вилладж» коттедж қалашығында Жұлдыздың үйінің құрылысы аяқталып, берілер тұста кикілжің шыққан. Қалашықтың иесі Диляра Тәжімбетованың туған інісі екен. Қала әкімдігі әр үйге тиесілі жер телімдерін бөліп, құжатын жасауды созып жіберген. Жұлдыз бен Диляраның достығына осы кезде сызат түскен. Коттедждің кілтін жақын арада алмайтынына көзі жеткен Жұлдыз Әбдікәрімова айырбасқа кеткен 160 млн теңге тұратын Астанадағы пәтерін кері қайтаруды талап етеді.

«Полициядан бастап, сот инстанцияларының табалдырығын тоздырып жүрген Жұлдыздың барлық әрекеті заңға қайшы, ал сөздері қып-қызыл өтірік» — деп салды Тәжімбетова. «Тұмар Вилладжағы» коттеджі үшін 24 миллион теңге қарыз болып қалды» деген Жұлдыздың экс-құрбысы жала жабу дерегі бойынша полицияға арыз жазған.

Диляра Тәжімбетова мұнымен де қоймай, Жұлдыздың жеке өмірі туралы да біраз әңгіме айтты. «Төрт сағат ішінде Жұлдыз 10 жыл өмірі қалай өткенін айтты. Мен бұрын Жұлдызды танымағанмын. Барлығымыз Қайратты жақсы әнші ретінде жақсы көреміз, еліміздің азаматы. Бірақ Жұлдыздың кішкене айтқан әгімесінен шок болдым. Тіпті қорқып кеттім. Ажырасайын деп жатқан жоспарын айтты, сол таңда Қайратпен тұрмайтынын айтты», — дейді ол.

Azattyq-ruhy сайты жазағандай, Диляра Тәжімбетованың інісі Диар Тәжімбетов ірі алаяқтық жасады деген күдікпен қазір тергеуде отыр. Диляра Тәжімбетова оны растады. Оған қоса Д. Тәжімбетованың үстінен тағы 6 адам арыз түсіргенін айтылды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі