Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуінен не себепті ажырасқанын айтты

29 мамыр 2023, 12:13

Жұлдызай өзінің желідегі парақшасында қызының суретін және күйеуінен ажырасып кеткені жайлы жария етіп, Алланың маған берген сыйы осы. Қызым үшін өмір сүріп жатқан жанмын. Папасы қыз болады деген кезде «неге ұл емес» деп ренжіген болатын. «Неге үнемі екеуіңіз ғана жүреміз» деген сұраққа жауап беретін кез келді.
Актриса марқұм ата-енесін еске алып, күйеуінің туыстарымен қоштасқанын жасырмай айтты.
«Бала кезімде нағашы атама «аспандағы жұлдызды әперші» дейді екенмін.
Марқұм атамның әперіп, маңдайыма таққан жұлдызы,
Алланың қалауымен, шүкір, жанды. Оны өшіруге ешкімнің хақысы жоқ. Апам мен келін болып түскенде басыма орамал салып еді. Жақсы жан Апа, жүз жасасыңыз. Алдына барып, сыйымды жасап, мүмкін байқамай ренжіткен жерім болса, ренжімеңіз деп кешірім сұрап, батасын алып, әулетпен қоштасып шықтым. 8 жылдан аса жаман келін болмадым, қолымнан келгенше тырыстым. Атам марқұм батасын беріп, «ризамын» деп көз жұмды. Атам керемет жан еді. Әттең, өмірден ерте кетті. Ол кісі барда қыз – төрде, келін – қызметте болып, бәрі өз орнымен жүретін. Қазір бәрі басқаша. Үлкен әжеміздің көзін көрмесем де түсіме еніп, орамал салып батасың о баста берген», — деді.
Актриса соңғы кездері денсаулығы сыр беріп жүргені туралы айтқан болатын.
«Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы әке. Бірақ бұл өмір жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім. Алла ғұмыр берсін, әркім бақытты болуға лайықты. Ал да, мен де», — деп жазды.

JQ- Aqparat

24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді