jasqazaq.kz

Жұлдызай Дүйсенбиева: «Еспановсыз да таңымыз атып, тауығымыз шақырады»

14 сәуiр 2023, 13:07

Өзінің алғашқы фильмін түсіріп, ел назарына ұсынған Жұлдызай Дүйсенбиева түсірілім барысында Нұрлан Еспановпен сөзге келіп қалды. Аталған видео әлеуметтік желіде кеңінен таралып, сол оқиғаға қатысты актриса алғаш рет пікір білдірді.
«Бұл — пиар емес, бұл шын болған жағдай. Нұрлан аға өзі жеңіл ғой. Бірдеңе айтсаң, түсінбей қаласың. Қартаяйын деді-ау сол кісі, өзіне қабылдап қалады екен. Мен ештеңе дегенім жоқ. Қайта-қайта дубльдер болып жатыр. Кейбір дубль ұзарып кетеді. Білмейміз ғой, тез түсіп кетеміз деп ойладық. Ар жағында қанша команда жұмыс істеп жатыр. Су шашып, соны төбеден түсіретін кранды бәленбай мыңға алып келгенбіз. Сол кран кетейін деп жатыр. Ал біз Еспановты түсіріп алуымыз керек. Ол кісі: «Тойым бар, кетем», — дейді. «Көке күте тұрыңыз, ертең маған кранды жалдау екі есе шығын болады», — дедім. Ол кісі аздап ашуланып қалды… Сосын: «Еспановсыз да таңымыз атып, тауығымыз шақырады», — деп айттым. Сол күні қатты суық болды. Сол кісіге суық өтіп кетті-ау», — дейді Жұлдызай.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі