jasqazaq.kz

Жұлдызай Дүйсенбиева ауруханаға түсті

28 сәуiр 2023, 11:46


Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауруханаға түскенін мәліметті. Өнер иесі Instagram парақшасында өзіне ота жасалатынын айтты.
«Не болып кетті? Қашан жазыламын? Қысқасы, ота жасайтын болды. Аллаға тәуекел, дұғада болыңыздар», — деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева. Естеріңізге сала кетейік, былтыр актриса қалың көпшілікке жан сырын ақтарып, өзінің айықпас дертке шалдыққанын айтқан болатын. Актрисаның сөзінше, аталмыш дерттің емі жоқ. Ол тіпті сырқаты салдарынан ұшаққа отырмауға тырысады. «Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды. Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін», — деді актриса.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі