jasqazaq.kz

«Жұлдыз» индустриалды аймаңына инфрақұрылым тартылуда

13 мамыр 2023, 22:36

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Жұлдыз» арнайы индустриалдық аймағында болып, нысанның инфрақұрылымдық жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жалпы алаңы 306 гектарды құрайтын жаңа аймақ 2021 жылы ашылып, қазір экономикалық алаңның 121 гектарына жоспарға сай инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қала басшысы Мұрат Әйтенов биылғы жылдың 6 шілдесіне дейін инвесторлар үшін жоспарға сай электр желісі, су, табиғи газ, кәріз жүйесі тартылып үлгеруі қажет екенін айтып өтті.

— Инвесторлар бізге сеніп, құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Сондықтан оларға барынша қолайлы жағдай жасауға тиіспіз, — деген қала басшысы инфрақұрылым жүргізіп жатқан мердігер мекемелермен ғана емес, инвесторларды да сөзге тартып, олардың тың жобаларын тыңдады.

Сонымен бірге қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларына инвестициялық жобаларға қатысты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе құрылысын бастаймын деген жобаларды сүйемелдеп, қажетті рұқсатнама құжаттарын алуға жәрдемдесу, жоспарланған жобалардың уақытылы іске асырылуына көмектесу, жосықсыз жобаларды арнайы экономикалық аймағынан шығарып, орнына приоритетті жобаларды кіргізу керектігін айтты.

Бүгінде кәсіпорын ашуға ниеттенген инвесторларды қала төңірегіндегі 5 аймаққа орналастыруда. Мәселен, «Оңтүстік» индустриалды аймақтың толымдылығы 95 пайызға жетті. 337 гектар аумаққа орналасқан аймақта 91,4 млрд теңгенің инвестициясына 76 жоба іске асып, 2512 жұмыс орны құрылды. Аймақтың тиімділігі – бір теңге бюджеттен бөлінсе, инвестицияға 10 теңге жеке инвестиция тартылды.

Осы аймаққа инфрақұрылым тарту үшін 6,9 млрд теңге жұмсалса, бюджетке 36,3 млрд. теңге салық төленіпті. «Тассай» индустриалды аймағы да кәсіпорындармен толықты. Аймақтың 95 пайыз аумағында өнідіріс орындары жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, 89 гектарды құрайтын индустриалды аймақта 36,7 млрд теңгенің 24 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Нәтижесінде, 1865 жаңа жұмыс орны құрылды. Жергілікті бюджеттің жұмсалған әр 1 теңгесіне 35 теңге жеке инвестиция тартылғанын көрсетеді. Аймақты инфрақұрылыммен қамтуға 1,06 млрд теңге жұмсалып, бюджетке 6,8 млрд теңге салық түсіпті.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі