jasqazaq.kz

Жұлдыз Әбдікәрімова: «Үндемесін, жазбаларын өшірсін!» деген сәлемдеме алдым

11 қазан 2024, 13:48

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова пәтерін алып, орнына жер үй беремін деп алдап соққан құрылыс компаниясына қарсы сот процесінің алғашқы отырысының қалай өткенін әлеуметтік желіге жазды.
Елімізде әділ сот барына сенетінін айтып жүрген өнер иесі ашық жазбаларынан кейін қысым көре бастағанын жазды.
«Сот бойынша ашық жаза бастағаным – кейбіреулерге ұнамай қалған сияқты. Қысым көрсетіле бастады. «Үндемесін, жазбаларын өшірсін!» деген сәлемдеме алдым. Соттың бірінші отырысы өтті. Алайда осы процесті әлеуметтік желіде жариялап, соттың барысын ашық жазуымның себебін – өздеріңізге түсіндіріп, жазып едім. Бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанда көп дәлелдердің қараусыз қалғандығы көңілге қонбаған. Адвокатыммен келісе отырып, қалалық соттың барысын жария түрде өткіземіз деп шешкенбіз. Сол күннен бастап, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады. Оған мән бермедім. Бірақ өткен аптада іссапармен Шымкент қаласында болдым. Сонда, бейтаныс жандар менің қасымдағы адамдарға жолығып, «сотқа байланысты салып жатқан ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер жарияламаса, біз “переговорға” шығуға дайынбыз. Мәселесін шешіп беруге тырысамыз. Бірақ ақпаратты шұғыл өшірсін!» деген сәлемдеме жолдапты», – деп жазды актриса.
Одан кейін Жұлдыз Әбдікәрімова ол адамдарды танымайтынын бұрын соңды кездеспегенін айтты. Тіпті кездесіп, келісімге келетін ниеті де жоқ екенін әлеуметтік желі арқылы білдірді.
“Ескертіп айтамын, мен ол адамдарды көрген жоқпын. Менімен тікелей кездесіп, тілдеспеді! Құлаққағыс болсын, сот процесінен тыс мен ешқандай келіссөздерге келіспеймін! Қазақстан Республикасының сот жүйесіне, әділ шешім боларына мен сенемін!», – деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі