jasqazaq.kz

Жұлдыз Әбдікәрімова кімнен алданып қалды?

26 қыркүйек 2024, 10:32

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіге жақын адамынан алданғанын айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады.

«Осыдан 3-4 жыл бұрын жақын адамымнан опық жедім. Оңдырмай алдап кетті. Барымды тартып алды. Жаным, күнім, барым деп жүрген адамымнан сатқындық көремін деп кім ойлаған? Қазір есіме түссе өз өзіме таңқаламын. Қалайша жол бердім? Осынша уақыт қалай үндемей шыдап келдім? Ол кездер мен үшін сынақты күндер еді. Жаным қиналып, айналамнан ақыл сұрайтын адам таппай, басымды тауға да, тасқа да соғып жүргем. Сөйтіп сенделіп жүргенде, жарқ етіп алдымнан бір кісі шықты. Содан ол адам іші бауырыма кіріп, мұңымды тыңдап, үйімнен талай ас ішті. Сөйтсем оның өз жоспары бар екен. Қысқасы жанымда жарты жыл жүріп мендегі құнды дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғыммен жүргенде, ол біраз құнды құжатқа қол қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе сотқа жүгінемін. Егер оқырмандарым талап етсе ол соттың ел алдында онлайн жүргізілгенін талап етемін»,- деп жазды актриса.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі