jasqazaq.kz

«Жылап, кешірім сұрамаймын». 4 ойыннан шеттетілген Самат Смақов мәлімдеме жасады

24 сәуiр 2025, 15:45

«Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов ҚПЛ 5-туры аясындағы ойында төрешіге тіл тигізіп, дөрекілік танытқаны үшін айыпталды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Самат Смақов төрт матчтан шеттетілді. ҚФФ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде:

«Ордабасы» — «Жетісу» ойынында матчтың ресми тұлғасына тіл тигізіп, әдепсіз сөздер айтқаны үшін «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов төрт ойынға шеттетілді», — делінген.

Еске салсақ, «Ордабасыға» қарсы ойында (0:1) Смақовқа қызыл қағаз көрсетілген еді. Ол соған жауап ретінде төрешілерді сынап, отандық футболдың құлдырап бара жатқанын айтты.

Төрт ойыннан шеттетілген Самат Смақов: «Алда команда үшін маңызды матчтар бар, олар мені шындық үшін дисквалификациялады. Мен мұны дұрыс деп санамаймын, бірақ мен жылап, шағымданып және олардан кешірім сұрамаймын. Сондай-ақ, 25 сәуірде мен аңыздар матчында ойнамаймын. Мені барлық плакаттардан алып тастасын», — деген мәлімдеме жасады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі