jasqazaq.kz

Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады

08 шiлде 2025, 17:31

Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мен білім беру мекемелерін жаңғырту бағдарламасы аясында Бостандық ауданы жаңа нысандар салып, мектептер мен балабақшаларды қайта құрып, күрделі жөндеуден өткізіп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин заманға сай оқуы үшін балалардың жағдайын жасап, орын тапшылығын азайтып, барлық санаттағы балалардың білімге қолы жететіндей ету негізгі басымдық екенін атап өтті.

Биыл қыркүйек айында аудан аумағында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4000 оқушыға арналған екі жаңа мектеп ашылады. Мамыр айында Розыбақиев көшесінде 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Нысанның құны – 7,8 млрд теңге. Тамыз айында Егізбаев көшесінде 2500 орындық тағы бір үлкен мектеп салынып бітпек. Оның құны – 11,9 млрд теңге. Бұған қоса, қыркүйек айында №73 мектепке қосымша 450 орындық жапсарлас ғимарат салынып, мектеп ғимаратына реконструкция жасалып бітеді. Бұл аудан мектептеріндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек.

Жыл соңына дейін №10 мектеп-интернатта (1,3 млрд теңге), №189 (2,5 млрд теңге) және №191 (1,7 млрд теңге) мектептерінде сейсмикалық күшейтумен қатар күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ Республикалық физика-математика мектебінің ғимараты қайта жаңартылып жатыр. Бұл жобаға 5,5 млрд теңге бөлінген. Аталған жобалардың жалпы құны – 11 млрд теңге. Сәуір айында №60 мектепті жаңғырту жұмысы басталды. 5,7 млрд теңге сомасына жүргізіліп жатқан бұл жұмысты 2026 жылдың қыркүйегінде аяқтамақ ойда.

Балабақшадағы орын тапшылығын азайту үшін биылғы наурыз айында Орбита-3 шағынауданындағы бұрынғы балалар үйінің екі ғимараты қайта жөндеуден өтті. Оның бірі – 240 орындық балабақша ретінде, екіншісі – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған 100 орындық арнаулы түзету балабақшасы ретінде жұмыс істейді. Құрылыс жұмысының құны – 3,6 млрд теңге. Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін №81, №87 және №137 балабақшаларында сейсмикалық күшейтумен қатар күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл жобаларға жалпы 4,3 млрд теңге бөлінген.

Маңызды жобаның бірі – жаңа Оқушылар үйінің құрылысы болды. Сәуір айында 1964 жылы салынған ескі ғимарат бұзылып, оның орнына осы заманғы жаңа нысан бой көтерді. 2025 жылдың маусым айында Оқушылар үйі аудандағы балалар мен жасөспірімдерге ашық болды.

Аталған жобаның барлығы Бостандық ауданындағы білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі  және өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы  жағдай жасауға арналған.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста