jasqazaq.kz

Жыл басынан ішімдік салдарынан 3772 қылмыс жасалды

13 мамыр 2017, 13:02

Жыл басынан ішімдік салдарынан 3772 қылмыс жасалды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.  «Ағымдағы жылдың басынан бері алкогольге мас күйде 3772 қылмыс жасалды. Қылмыстардың басым бөлігін ұрлық (1430), бұзақылық (517), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (382), тонау (333), кісі өлтіру (167), зорлау (138), көлікті ұрлап кету (131) және билік өкіліне күш қолдану (101) құрайды», — деді ол. Сонымен қатар департамент басшысының атап өтуінше, көлікті мас күйінде басқарға 7977 жүргізуші ұсталған. Мас жүргізушінің кінәсінен 103 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 20 адам мерт болса, 158 адам түрлі деңгейде жарақаттанған. «Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік апатының саны 2,8, кісі өлімі 4,8 пайызға төмендеп, жарақат алғандардың саны 4,6 пайызға артып отыр», — деді Садубаев. Оның дерегінше, алкогольге мас күйде жасалған қылмыстардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (622), Алматы (447) және Қостанай (431) облыстарында тіркелген. Ал ең аз қылмыс Маңғыстау (45), Атырау (46) және Қызылорда (88) облыстарында орын алған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде