jasqazaq.kz

«Журналисткая правда» неге кешірім сұрады?

13 қыркүйек 2016, 14:23

Ресейдің «Журналистcкая правда» ақпарат агенттігі отандық кәсіпқой боксшымыз Геннадий Головкинді Ресей азаматы деп жазып, жерлестеріміздің қаһарына ұшырады. Артынан ресейлік басылым айыбын мойындап, боксшының жанкүйерлерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Орта салмақтағы ресейлік чемпион Геннадий Головкин мен Ұлыбританиялық Келл Брук арасындағы жекпе-жектен кейін ұлыбританиялық боксшыға ота жасау қажет. Бұл туралы 11 қыркүйекте «Р-Спорт» хабарлады», — деп жазыпты ресейлік басылым.

Әлеуметтік желілерде азаматтарымыз осы ақпаратты қызу талқылап, басылымды қатты сынға алуы мұң екен, «Журналистcкая правда»: «жіберген қателігіміз үшін қазақстандық оқырмандарымыздан кешірім сұраймыз. Геннадий Головкин, әрине, Қазақстан боксшысы» — деп кешірім сұрап құтылуды жөн көріпті.

Естеріңізге салсақ, «Журналисткая правда» ақпарат агенттігі бұған дейін отандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді Ресей азаматы деп жазған болатын.

BNews.kz 

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде