jasqazaq.kz

Журналистерді аккредиттеу: аппелляциялық сот алдыңғы шешімді өзгеріссіз қалдырды

23 қантар 2025, 14:07

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы журналистер тобының мәдениет және ақпарат министрлігіне қатысты талап қоюы бойынша азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың шешіміне апелляциялық шағымын қарады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қалалық соттың Телеграм-каналындағы мәлімет бойынша, талап қоюшылар министрдің 2024 жылғы 20 тамыздағы «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4-тармағы, сондай-ақ 26 тамызда ресми жарияланған Үлгілік қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасы бөлігінде нормативтіr-құқықтық актілерді заңға қайшы және жарамсыз деп тануды сұрады.
2024 жылғы 11 қарашадағы соттың шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.
Апелляциялық шағымда талап қоюға ұқсас, аккредиттелген журналистке аккредиттеу алынған БАҚ-та ғана ақпарат тарату мүмкіндігін белгілейтін Ережеде көзделген шартпен келіспеушілік білдірілді.

Олардың пікірінше, осы шартты екі және одан да көп рет бұзу журналисті 6 айға тұрақты аккредиттеуден айыруға әкеп соғады. Бұл басқа БАҚ-та, онлайн-платформаларда, әріптестерімен, достарымен әңгімелесулерде (чаттарда) ақпарат таратуға байланысты сөз бостандығына құқықты шектейді.
Сондай-ақ бұйрықтың 2024 жылғы 20 тамыздан бастап, яғни оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелгенге және ресми жарияланғанға дейін қолданысқа заңсыз енгізілгені туралы көрсетілген.
Ағымдағы жылғы 23 қаңтарда апелляциялық тәртіппен қарау нәтижелері бойынша шешім өзгеріссіз, талап қоюшылардың апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Алқа бірінші сатыдағы соттың министрліктің Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген журналистердің құқықтарын шектемей, аккредиттелген журналистердің ақпарат алу және тарату тәртібі қағидаларын даулы тармақта реттеу туралы тұжырымдарымен келісті.
Өз кезегінде, министрлік уәкілетті орган ретінде белгілі бір БАҚ-тан аккредиттелген журналистің жарияланатын әрбір бұқаралық ақпарат құралынан аккредитация алу міндетін айқындады.
Осылайша, ақпаратты өзге тәсілмен, оның ішінде әлеуметтік желілерде таратуға тыйым салмай, Қағидалардың жоғарыда аталған шарты барлық БАҚ журналистеріне тең шарттарда ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

2024 жылғы 20 тамыздан бастап Ережені қолданысқа енгізу арқылы талап қоюшылардың құқықтарын бұзу туралы деректер анықталған жоқ.
Бұдан басқа, министрдің нормативтіқ-құқықтық бұйрығын қолданысқа енгізудің өзге мерзімін белгілеу мүмкіндігі құқықтық актіде көзделген жағдайларда «Құқықтық актілер туралы» Заңның 42-бабының нормаларына қайшы келмейді, тиісінше Қағидалардың жарамсыздығына әкеп соқпайды.
Еске салсақ, өткен жылғы қарашада Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты 12 журналистің мәдениет және ақпарат министрлігіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің төменде көрсетілген бөліктерін заңға қайшы және жарамсыз деп тану туралы талап қою бойынша істі қараған болатын. Сот бұл талапты қанағаттандырудан бас тару туралы шешім қабылдады.

Сот қорытындысы бойынша, аккредиттеу қағидалары сөз бостандығына конституциялық құқықты шектемейді. Тек аккредиттелген журналистердің ақпарат алу және тарату тәртібін реттейді.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры