jasqazaq.kz

Журналист Жанат Бақыт айыппұл төлейді

19 қыркүйек 2023, 14:44

Белгілі журналист Жанат Бақыт діни жазбалары үшін жазаланды, — деп хабарлайды Атырау облысы Дін істері басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, Дін істері басқармасына қала тұрғыны атынан арыз келіп түскен.
«Арызда әлеуметтік желіде танымал журналист желідегі парақшалары арқылы ислам дініне тіл тигізіп, барша мұсылмандардың, соның ішінде жеке діни сезіміне қорлық жасалғанын көрсеткен. Осы ретте басқарма тарапынан Instagram әлеуметтік желісіндегі Zhanat Baqyt және zhan_zhihany парашалары Дін істері комитетіне дінтану сараптамасын жасауға жолдаған болатын. Сараптама қортындысы негізінде, бұл парақшаларда шынымен ислам сенімін ұстанатын азаматтардың діни сенімін қорлауға және өз кезегінде қоғамда түрлі діни талас-тартыстарға себеп болатын ақпараттар жарияланғаны анықталды. Қазіргі таңда Алматы облысы Талғар ауданының сотының шешімімен парақшалардың иесі кінәлі деп танылып айыппұл салынғанын хабарлаймыз», — дейді Атырау облысының Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев.

Осылайша журналистке 50 АЕК — 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.

«Алдағы уақытта бұл парақшаларды бұғаттау үшін ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереміз», — дейді Ерлан Ерғалиев.

Атырау облысы Дін істері басқармасы ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 3 бабы 5 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейтінін ескертті.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры