jasqazaq.kz

Журналист Еркін Байғабылұлы: Ешкім көрмейтін телеарнаның қажеті не?

20 қараша 2016, 13:26

snimok

Еліміздегі аймақтық БАҚ-тың жаңа медиатехнологиялардан жұрдай екендігі шындық.

Тек телевизияға қатыстысын айтсам,өңірлік арналардың барлығының дерлік өнімдерінің сапасы сын көтермейді. Жұтаң студиялардағы қасаң сұхбаттар, баспасөз релизіне ұқсас жаңалықтар, республикалық арналардан жауыр болған деректі фильмдерді қайталап көрсету, кейбірінде әлі күнге дейін құттықтау хабарлар жүріп жатады. Тіпті сол облыстық арналарды көретін тұрақты көрермен бар дегенге өз басым сене қоймаймын.

baq.kz хабарлағандай, керемет сапалы хабарлар болса, республикалық арналарға ұсынылатын еді. Бір облыстық арнаның мынадай деген хабары үздік деп танылып, республикалық арнаға шығыпты деген ақпаратты 25 жыл ішінде естіген де, көрген де емеспін. Осыдан олардың қызмет сапасының қандай екендігін бағамдауға болады.

Ендеше ешкім көрмейтін мұндай телеарналарды салық төлеушілердің қаржысын босқа шығындап ұстаудың қандай қажеттілігі бар?

Дұрысы оларды жауып, ол қаржыны отандық фильмдер мен мультфильмдер, сериалдар түсіруге жұмсаған әлдеқайда тиімді емес пе?

Егер мемлекет өңірлік арналарды дамытуға шын мүдделі болса, контенттік сапаны түзеп, техникаларды жаңартатын тың менеджерлік шешімдерді дереу қолға алуы керек. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өңірлік және қалалық телеарналардың сапасы Дубай мен Абу-Дабидегі ТВ-лардан еш кем емес. Өңірлік Фуджейра әмірлігінің телеарнасының студиялары жаңа технологиялармен жабдықталып, безендірілген. Біздің республикалық арналардың кейбір тәуелсіз ТВ-дың өзінде ондай заманауи студиялар жоқ. Сапа болған соң, тұрғындар өңірлік арналарын көп көреді екен. Бізге де облыстық арналарды республикалық сапаға көтеру керек, көтере алмасақ жабу керек.

Сапасыз өңірлік ТВ-ға босқа бюджет қаржысын шығындаудың керегі не?

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді