jasqazaq.kz

ЖОО-ға түсуға арналған шекті балл өзгерген жоқ

22 мамыр 2023, 16:51

Биылғы ҰБТ аясында жоғары оқу орындарына түсуге арналған шекті балл өзгерген жоқ. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев осылай деді.

«Биылғы ҰБТ-ның басты жаңалықтарына тоқталсақ, «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаты» пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына өзгеріс енгізілді. Енді «Қазақстан тарихының» бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады, «Оқу сауаты» бойынша 15 тест сұрағы ұсынылады», — деді Қ.Ерғалиев.

2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика» пәні ҰБТ-ның бейіндік пәндер тізіміне енгізілді. Бұл ретте «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламаларының топтарына түсетіндер «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша ҰБТ тапсырады.

«Шекті балл өзгерген жоқ. «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» — кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» — кемінде 60 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін — кемінде 65 балл, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек», — деді вице-министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі